Түрлі заттардың түрліше қолданысы
«Сым» Көбіне автокөліктерде қолданылады. «Жетіп алғанша шыдаса болды». Бірақ сол көлік сатылғанша не тұрып қалғанша қолданады.
«Газды сусын» Шарапты ашуға қолданылып жүр. Үлкен құдалықтарда сырт айнала төбелеп жатқандарды көріп жүрміз. Штопр тиын тұрады. Құнт жоқ алуға.
«Алтындар» Асемдігің мен байлығыңның мөлшері болған бұл алтын ломбардқа қою мақсатында сатып алынып жүр. Бір мәрте ломбартқа барған алтын сол жерге барғысы келеді де тұрады.
«Ақша» Күнкөрізке аса қажетті зат екені барлығымызға белгілі. Көбіне тіс тазалау үшін қолданылады. Көшедегі ағаш бұтақтары да осы қызметті атқарып жүр.
«Жеке куәлік» Жақын маңдағы дүңгіршектерге «Подзалог» ретінде қолдануға арналған. Бұның орнын студенттер сынақ кітапшасы мен ұялы телефондармен толықтыруда.
«Автокөлік кілті» Құлақ тазалауға таптырмайтын құрал. Көбіне жүргізуші мырзалар оны «Клиент» жоқта осы мақсатпен пайдаланады.
«Бакалашка» Оны білмейтін жан жоқ шығар. Айтудың өзі артықша. Ойлап тапқанға «Нобель» силығын берсе болар еді.
«Пышақ» Отвертка орнына таптырмайтын құрал.
«Бөтелке» — кішігірім қамыр жаюға қолданылады.
Кімнің тағы қосары бар…
