Ескі архив · 31.03.2011 10:33

Қайрат Нұртас - "Ой" әні

Сөзі мен әні: Бауыржан Есебаев. Қайрат Нұртас 1. Арасында тұманның, Мен адасқан құланмын. Жақындама жыласам, Мен жаралы бір аңмын. Сағыныштың сан күні, Басылмаса жаңбыры. Жұбатам деп ойлама Ол да менің тағдырым. Қ-сы: Ой, ой Ойламайтын күнім жоқ, Ойлай берсем түбі жоқ. Жылатқан, жылытқан. Ой, ой Сенен ауыр көрмедім Неге маза бермедің? Ол мені ұмытқан (3 рет). 2. Мұңын шағып түнгі айға, Бөрі-жүрек тыңдай ма? Сүлейменнің жүзігін Қайта тағар күн қайда? Арман қалсын төсіңде Елес қалсын есінде. Кеткен бе едің қалдырып, Ойлар талап жесін деп. Қ-сы. (ПыСы: 2-ші шумақтың 5-6 жолына күмәнім бар..)
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту