Екі батыс..Қайсысы біздікі?
Қанша уақыт өтті… Ливияның басына іс түскелі… Ливияға қарсы кампания басталғанда, Ирак есіме түсті… Ол кезде де тура осылай басталған болатын… Негізгі көзделген нысанаға айналсоқтап жеткен болатын ол кезде… Бірінші Нью-Йорктағы қос ғимарат, одан кейін Ауғаныстанға жорық… Одан кейін Ирак..
Енді міне, сонау Мысырда басталған дүмпу Ливияға келіп тірелді..
Бұл екі киноның сценариялары бір… Режиссері де бір… Бірақ актерларі басқа..
Ең бастысы бұған ешбір ел қарсы шыға алмады..Өздерінше күш сымақ елдердің өзі… Себебі ешқандай күш жоқ… Бірақ күш бар әлемде… Американың артында тұрған күш… Кукла театрінде куклаларының жіптерін ойнатып отырған қолдар (күштер)..
Бірақ ол қолдар (күштер) нағыз Күшті ұмытқандай… Кукла ойнатқандарына мәз болғандар, өздерінің де бұл пәни әлемде кукла екендерін ұмытқандай… Ертеңгі әділ сотта, әр бір зардап шеккен тірі жан иесінің ақысын алып қайтаратын Әділді ұмытқандардың халі қандай мүшкіл еді десеңші..
Америка тамыры шіріген бір ағаш екенін білмейді… Ертең-ақ, бір үлкен дауылда опырылп жерге құлар..
Бұдан да бір сабақтық тәлім алуымыз керек шығар біздің… Батыстың мәдениеті мен өмір салтын көшіргенше өзіміздің құндылықтарымызды қорғау керек екендігіне қашан көзіміз жетеді?
Қазір біздің алдымызда екі батыс бар, бет бұратын..
Бірінші батыс, “ поп мәдениеттің” жылтырға орап бізге тықпыштап жатқан мерзімі өткен тауарлары, “құндылықтары”..
Екіншісі қыбыламыз орналасқан батыс… Бұл батысқа бет бұруымыз үшін де ең әуелі бізге иман шарт..
Ал иманға қауышу оңай ма? Білмеймін жауап беруге қиналып отырмын… Бәлкім біреулер оңай дер, біреу қиын дер… Біреу жауап бермес..
Әлемдегі дағдарыстарды, қақтығыстарды былай қояйық..Өз ішіміздегі дағдарысты не істейміз, өз ішіміздегі қақтығысты қайтеміз?
Бұл ой құрғыр қалай өзі… Бір жерден басталып, басқа жерден бірақ шығады..
Мен халқыма таңмын… Бүкіл әлем даурығып Американы жамандап, сынап жатқанда үн-түнсіз жата береді… Халқымның осы жайбарақат халін жақсы көремін..
Бізге бәрібір..
Мақала сілтемесі: http://bekjan.dosym.kz/?p=375
