Геогебра: 2 кезең
«release the mouse»
«general tools»-жалпы құралдар. басқа нұсқалар бар болса, айтыңыздар.
«graphical view»-графикалық көрініс па? Ол тіркестің мағынасы: белгілі бір формуланы сурет ретінде бейнелейтін алаң, «графикалық көрініс» деген дұрыс па?
«construction protocol»-бұл бір геометриялық фигураны салу барысын жазып отыратын кесте, мыс: 1-А нүктесін салу,2-В нүктесін салу,3- А мен В нүктелерін қосу деген сияқты белгілі бір фигураны салу үшін қандай амалдар қолдандың, соны көрсететін бір кесте. Бұл екі сөзді қазақшаға қалай екі сөз етіп аударуға болады? Соны білмей отырмын.
«print»-басып щығару ма, принтерден шығару ма, немесе жай шығару ма?
«dialog window» — диалог терезесі? бір түрлі естілетін сияқты. программистер, оны қазақша қалай айтады?
Бұл Геогебрада ең көп қолданылатын сөздер, бұларды аударып болсақ, ар жағы оңайлау болады, математикалық термин мен жай сөздер ғана. Сөздердің 3-ші тобы я болар, я болмас.
Көмектеріңізге рахмет!!!
Суреттің мекен-жайы
