Ескі архив · 01.04.2011 14:32

1 сәуірде қатты ойнаған амиго

Бір кісі 1 сәуірге қатты қалжыңдайды екен. Тіпті зәрені алады екен нақ. Қанша алданбаймын десе де, достары 1 сәуір күні бір қой алданып қалып, бұттарына жіберіп қорқады екен. Оның сыры — амиго алдау үшін жағдай жасауға ерінбейді екен. Лібә, бірде ерінбей автоматтағы телефоннан бір досына телефон соғыпты: — Бұл — ОБХСС (советтік кезеңдегі қазақтардың финполы нақ!)! Сізді өткенде қоймада болған ұрлыққа қатысты тергеуге шақырамыз. Жалпы, түйіншектеріңді алып келе берсеңіз болад...-депті. Ол кезде ОБХСС деген аттың өзінен талдың бұтақтары қалтырайтын болса керек: досы көрші-қолаңмен қош айтысып, жылап-сықтап, қалаға баруға дайындалыпты. Қатыны ұрысыпты: «Сол цемент желкемізден шығад деп айтқан жоқпын ба?» деп. Ауыл-аймақ болып, кем дегенде «төртжылдық» сапарға шығарып салыпты. Досының айтқан адресі — Ақтөбедегі қазіргі «Океан» деген аялдамадағы балық-сыра сататын дүкен екен. Келсе — ана бұтақбас күлкіден бұттан кетіп, столдың астына құлапты. Мынау болса, қатын құсап: "қақпас!","қақпас!" деп, басынан ұрватыр дейд, жылап тұрып, күлватыр дейд. Аид патшадан жамандықкөрмегір амиго-ай десейш, сол өзі тура 1 сәуір күні дүниеден озып, достарына хабарласа, олар сенбепті!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту