Ескі архив · 01.04.2011 17:58

Күлгің келеді-ақ...

бірақ, күлуге ыңғайсыз ба? “ Алдау күні мен Сайлау күні бір-біріне қандай жақын және ұқсас?!” деп Сәкен ағам (Сыбанбай) айтқандай, мына ұсынып тұрған әнектер екеуі туралы. Тимур Коман жіберіпті. *** Егер айналанның бәрі Назарбаевтың суретіне толып кетсе, сайлауды күте бер! *** Президенттікке үміткердің біріне өзіміз сияқты тілші сұрақ қойыпты: — Сайлауға түсудегі мақсатыңыз не осы? — Енді өзіңіз бағамдаңыз, билік жемқорлыққа былығып, ұрлық-қарлықтан аянбай жатыр, халықты қанап жатыр. — Сонда сіз осы кеселдің бәрімен күрескіңіз келе ме? — И жоға, – депті үміткер, – осының бәрінің бел ортасында жүріп, араласқым келеді *** АҚШ президенті психиатрдың қабылдауына келіпті. — Хай! Доғдыр, абайсызда “ тұлғалық құбылу” ауруын жұқтырдым-ау: сөйлегенім басқа, ойлағаным мүлде басқа, ал жасайтыным ващше басқа… — Ой, шұрқ етпеңіз, бұл сіздің өз қызметіңізге толық сәйкес екеніңізді дәлелдейді *** — Әке-әке, осы ертегінің бәрі “ Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде” деп бастала ма? — Жоға, қазіргінің ертегісі “ Егер сіз маған сайлауда дауыс берсеңіз…” деген сөздерден басталады. *** Үшінші сәуірде коммунист Ахметбеков үш дауыс алыпты дейді. Әйелі оған: — Ал, кәне шыныңды айт! Сенің көңілдестерің бар ма???! *** Астанадағы Ұлттық кітапханада: — Ғылыми фантастика, ертегі, жарнама, депутаттың сайлауалды бағдарламасы. Міне, жанрларды ақпаратының сенімділігіне қарай осылай реттестіреді. *** — Мен өз отбасымның шежіресін біле алмай жүр едім. Неден бастасам болады екен, а? — Сайлауға өз кандидатураңды ұсынып көр. Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/04/01/%d0%ba%d2%af%d0%bb%d0%b3%d1%96%d2%a3-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%b4%d1%96-%d0%b0%d2%9b/
Авторы:
Orkenegro

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту