Ескі архив · 01.04.2011 10:41

Қонақ...

-Әлө, Бөтен, сенбісің? -Иә, менмін. Бұл кім екен? -Мен ғой, Шәкіш. Ертең қолдарың бос па? -(азғана ойлану)Иә, боспыз. -Онда ана жаман қатыныңды ертіп біздікінен бір омыртқаңды мүжіп кет. Бір бірімізге бөтен адамдар емеспіз, ауылдаспыз дегендей… Оның үстіне көріспегелі де көп болды. -Не ғой… Жәй шақырдың ба? -Жәй-жәй… Келсей әуелі, көресің ғой. Ертесіне кешкілік Бөтен қатынын қолтықтап ауылдасының есігін қағып тұрды. Көзі есіктің маңдайшасындағы қағазға түсіп кетті. Ашып оқыса «1 апреліңмен тыбаймайт! Біз ауылға кеттік»деген жазу екен…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту