Ескі архив · 01.04.2011 11:26

Сатыбалдының феномені?

Осы КерекИнфоға тіркелгеніме көп болған жоқ. Бірақ тіркеле сала satibaldi-ға шабуыл жасай жөнелдім. Неге десеңіз сылтауым, боқтық сөздерді түрлендіріп айтады екен. Соған жыным келді баяғы. Өзімше мен де боқтықпен сөйлеген болдым. Содан абайламай сөйлеп, оған сілтеген шоқпарым байқаусызда qisyq-қа тиіп кетті, қараңыз. Ол үшін qisyq-тан кешірім сұраймын! Негізгі айтпағым: Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған деп, қарап тұрсам satibaldi-ны барлығы жақтамақ түгіл жақсы көреді екен. Дәлел: Nurgisa өткенде Құрылтайда презентация да жасады, қыздарға дейін жақтап жүр. Яғни көпшілік бірдеме айтса, біліп айтады деген. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ болмай осы satibaldi-ға басқаша көзбен үңілгім келеді. Шынымен де оның феномені неде? Айтып жіберіңіздерші!
Авторы:
aiargyn

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту