Ескі архив · 02.04.2011 20:09

Ғаділбек Шүренбай - Жылама жаным

1. Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге, Махаббаттың гүлі, Солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге, Сен үмітіңді үзбе. Жүрегіңді тыңда, Шын бақытыңды ізде. Қайырмасы: Жылама жаным, Кінәламағын Тағдырыңды сенің мұңды еткен. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің. 2. Өкпелейсің кімге, Қосылмас ай мен күн де. Мәңгі бірге болу, Жазылды дейсің кімге. Мен кетермін жырақ, Тамшы-мұң болып құлап, Күзгі жаңбырменен Келіп тұрармын бірақ.
Авторы:
zhanar-seitmat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту