Қызықтан қалып қойдық
Қытайда вордпресске біраз шектеу жасалған сияқты. Бұрын оқып тұратын талай блогтарды аша алмай қалдық… Бүгін ашып тұрған бет, ертесі ашпай қалады. Аршат та себебін білмейді… Сөйтіп Құрылтайға қатысудың талап-ережелері жайында ақпарат ала алмай қалдым. Болмаса барып қатысып қайтудың амалын қарастыруға болатын ба еді. Асхатпен бір хабарласқанымда алдын ала өтініш қалдыру керектігін айтты, ал мен одан кешігіп қалыппын…
Не де болса бірқатар ақпарат құралдары мен кейбір азаматтардың блогтарынан құрылтайдың жақсы деңгейде өткенін естіп қуанып жатырмын. Қазақ тілінің туын көтеріп, ақпарат кеңістігіне тамшыдай болсын үлес қосып жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін! Істеріңіз жемісті болсын! Алла қаласа талай жиындарда жолығармыз!
