Ескі архив · 05.04.2011 16:10

Ғаламның санасына саяхат

...-Тағы не бар екен? — Қазір… Сонымен, әрі қарай: «Toyota Camry 40» поршеньдерінің диаметрінің кестесі; дрозофилл шыбындарының маусымдық көбеюінің статанализі; аяқ киім кремнің формуласы; екі бөтелке айран; принтерлердің бояулары; А4, А3 қағаздар… — Құдайым-ау! Не жоқ мұнда! Бірден екі жүз-үш жүз жол тастап кет те — әрі қарай оқи бер. — Үш жүз жол тастап кеттім. Оқи бастаймын! — Оқы! — Кеттім. Сонымен: Sony-Ericsson-ның аккумуляторлары; AutoCAD программасының лицензиясы; кесе; шәйнек; екі қап ұн; жебелер; қызыл паста қаламдар; керамикалық кірпіштер; d30, d15 пластикалық құбырлар; Уолл-Стриттің телефон нөмірлері… — Доғар! Тағы бес жүз жол тастап кетіп оқы! — Бес жүз жол өтіп кеттім! Оқи бастаймын: атом бомбасы; оқушы партасы; он бес килограмм помидор; алты қап картоп; үш табақ қияр; светофор; тезек; ван Гогтың екі картинасы; Ақзеренің аватары… — Таста, ішінұрайынды, таста! – деп бақырды агент Малдер операторға. Сөйтті де, пациент жайғасқан керуетке барып, СаянҮштің басынан сымдарды жұлып тастап: — Бүйтіп бөліскен білім базың құрысын сенің, жоғал бұл жерден! – деді. — Бөлісем деГен жоқпынғо, не, ҮәғЫ — деді СаянҮш…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту