Ескі архив · 05.04.2011 14:21

Қасиетті Қарқаралы.

Жаңа қауымдастық аштым ағайын, келіп әдемі-әдемі материалдар беріп тұрады деген үмітім зор. Өзімнің ілетінім жоқ болғандықтан интернеттегі дапдайын материалды іліп, басын бастайын деп отырмын. Қарқаралы сөзінің шығу тарихы туралы көп айтылып та, жызылып та жүр. Пікірлер де әртүрлі, дәлелдер де бірнешеу. Бір аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын түсіріп алып, жердің осылай аталуына себеп болған дейді. Негізге «Қарқараң сөзінің алынуы дұрыс сияқты. Бұл белгі ханды, ел билеген көсемдерді басқалардан ерек қылып көрсету үшін пайдаланған, «қарқараң, «тәжңмағынасын білдіреді. Ендеше, Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында «Қарқаралы өңірң аталып кетуі әбден мүмкін. Жалпы, бұған кеңінен қарасақ, «Қарқаралың деген сөздің ұғымы, әрине, бұдан әлдеқайда терең, көп қырлы. Қарқаралы дегенде, біз әрине көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Жаратушымыз ерекше қылып, бар сұлулық пен әсемдәкті бере салған бұл өңірді талай ақын жырға қосқан. «Атыңнан айналайын, Қарқаралың, — деп Мәди бабамыз жырлап кетсе, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқанов «Сұлушашң поэмасын жазған. Таулар, таулар қашанғы қасқа алыптар, Мендей сені сезді ме басқа жұрттар. Ақ шашты әжем секілді тұрып алды Қарқаралы басында ақша бұлттар, — Деген жолдармен ұлы ақынымыз сырбай Мәуленов Қарқаралыдан алған әсерін суреттеген. Алынған жері
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту