Ескі архив · 05.04.2011 14:08

Шідер, тұсамыс, өре.

Ауылдық жерде өскендер білетін болар бұл атаулардың не екенін. Мініс мал (жылқы әрине)немесе сауынды биелер ұзап кетпес үшін жылқылардың аяғына тағылатын әбзел. Тұсамыс не тұсау-жылқының алдыңғы екі аяғына тағылатын арқаннан есілген (кейін келе ременнен кесіп жасалып жүр)әбзел. Өре-жылқының алдыңғы аяғы мен артқы аяғына тағылатын әбзел. Ескерту: Өрені салғанда алдыңғысын оң жағына тақсаңыз артқысын мінер жағына тағуға болмайды. Екеуі де бір жағында болуы керек. Шідер — алдыңғы екі аятан және артқы бір аяқтан салынатын әбзел. Әдістеніп алған жылқылар осыншама кедергіге қарамай алысқа ұзап та кетіп жатады кей жағдайларды. Сурет мына жерден алынды
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту