Жеміс салаты
Бүгін мен жаңа эстафета бастайын деп отырмын. Бұл эстафета тек қана еркектерге арналған, үйленген жігіттер асханада не істей алатынымызды көрсетіп, басқалармен тәжірибе алмасайық. Эстафетаны алушы «лібә, кетнақ мен үйде тамақ істемеймін» деп айтып, басқа біреуге сілтеп жіберуіне толық құқылы. Сонымен мен бастайын.
Жеміс салаты
Бұны жасау үшін алма, алмұрт, банан, киви, мандарин және йогурт керек. Мөлшерін өздерің белгілейсіңдер, жеуші адам санына қарап.
Қабықтарын тазартып аламыз.
Сосын ұсақтап турап, бәрін бір ыдысқа салып, үстіне йогурт құйып, араластырамыз.
Болды. Енді дайын. Сервис жасай беруіңізге болады. Негізі тарелканың шетіне құлпынай сияқты әдемі атрибуттар қойып, безендіруге де болады жаз шыққасын.
Бірінші рет жасап көрдім, сондықтан сөксеңдер сөгіңдер тек шешеден боқтамаңдар.
Эстафета таяқшасын Белсенді Еркек Гастарбайтерге ұсынамын.
