Ескі архив · 06.04.2011 02:11

Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Виктор Гюго шарадасы

Бірінші — мылжың. (Французша — «bavard».) Екінші — құс. (Французша — «oiseau».) Үшінші — кафеде. (Французша — «au cafe».) Барлығы бірге — десерт. Ойланыңызшы. Ал шыдамсыздарға… Бірінші — bavard, мылжың дегеніміз. («Бавар» деп естіледі.) Екінші — oiseau, құс дегеніміз. («Уазо» деп естіледі.) Үшінші — au cafe, «кафеде» дегеніміз. («О кафе» деп естіледі.) Жауабы: bavard-oiseau-au cafe. Bavaroise au cafe. (Үндестік ойыны: бірінші сөз тіркесі «кафедегі мылжың құс» болады, екіншісі — «кофелік желе», құлаққа екеуі де бірдей естіледі.) Оп-оңай.
Авторы:
splean

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту