Обырдың(Рак) тағы бір түрі жайлы кеңесейік...(Жеке өз ойым ғой, сіздер не айтасыздар?)
Жемқорлық… Коррупция(Ұйымдасқан түрі шығар) бұл кеселдің тигізер залалдары
1. Өмірін шынайылыққа арнаған адамдарға
2. Отағасы мен ошақ қасындағылардың дастархан басында, мейлі былайғы жай өмірлерінде алланың берген сыйлары(ұрпақтарына) ақылгөйсуіне)
3. Мемлекеттік маңызы бар амал шараларға(жобалар, эврикалар....)
4. Ағайын-туыстардың арасындағы ынтымаққа(тіпті конфессияға, оларда пенде)
5. Білімділердің біліктілікке басқан қадамдарына
6. Дін жолына түсіп тақуалыққа бетбұрғандарға
7. Өзіңді өзің осы ортаның нағыз бір керекті адам екеніңді сезінуіңе(ұғу қайда?)
8. Білім мен ілімнің нақсүйерінің білімдісымақтардан бір мысқал болсада жоғары болуына(білім мен ілімді түбі жалмауыздың жеңетініне шүбә келтірмеңіз)
9. Ұлттық мәдениетімізге
10. Тектілік пен өрлікке
11. Қара… деп басталатын пайым/дылықтарға(жалғасы түрленіп келе береді)
12. Атамекенге шуағын шашып тұрған күннің энергиасына вампирлығы(ой қанішерлерай бәрімзге жетеді ғой ойлансақ...)
Жемқорлық… Коррупция(Ұйымдасқан түрі шығар) бұл кеселдің жемістері
1. Залалы аз болып көрінгенмен шындап келгенде қоғамдық обырлығы(қатерлі ісікті болдырмайтын қандауырдың...: ұлттық мәдениет-өзімізге ғана емес, елімізге жерімізге, болашағымызға деген махаббаттың өшуі)
2. Кешегі халық сүйіктісінің жолдаяққа айлануы(айла, амалы қалмады)
3. Коррупцияны ұйымдастырушының мәртебесіне тырысушылық
4. Шындықты айғақайтын бастың кесілуі(өйткені ол бастың тілі бар)
5. Жылыпос, жағымпаз, сатқындық, жауыздық сяқты арамшөптердің бой көтеруі( пенденің санасының нәтижесінің өсіретін қоғамға қажеті жоқ гүлдер шоғы)
6. Саяси жалаптық(Қоғамдық сәйкессіздікті өршітеді...)
7. Өтіріктің шындай болып — шындықтың құдай ұрғандай болуы(тамырынан шіруі)
8. Шын құдыреттің ұмытылып (артынша құдайға жүгіну, оған мол садақа ретінде пәре ұсыну (благотворительность, пендешіліктің шегі болама?). Осы жерде Омарбек62 бауырым қайбір постта дұрыс жазды деген жеке ойым)…
9. Жемқор деген атына сәйкес тойымсыздардың көбеюі(Түйе сойып қуырдақ жегенше, оны аман ұстап шұбат ішсейші шіркін)
10. Өркөкірек пенделердің арам шөптен әрмен тез көбеюі(Жылқының бәрі бірдей тұлпар емес)
11. Сауысқанды үркіту, үйір қылу(Осы жерде Сатекеңнің сарказмдарына не жетсін шіркін...)
12. Атамекенге шуағын шашып тұрған күнге көлеңке болар арамшөптердің көптігі(Негізінде, шуағы бүткіл пендесіне бірдей екеніне шүбәм жоқ
