Тыңдай беретін әндерім
Рок ұнататындарға Duman деген топтың 3 әнін ұсынғым келеді. Көбінесе түрікше рок тыңдаймын, жұмыс кезінде күшті энергия береді. Жалпы рок музыканың тек музыкасы ғана емес, сөздері де сапалы келеді. Teoman, Şebnem сияқты рокерлерді де ұнатамын. Бірақ фаворитім Duman.
Бірінші әннің аты Bu akşam (Бүгінгі кеш). Ән еш уайымы, мәселесі жоқ жігіттің бүгін кеште ішу жоспары туралы.
Екінші ән Herşeyi yak (Бәрін өрте). Махаббат туралы тамаша ән.
Үшінші ән Yalnızlık paylaşılmaz (Жалғыздық бөлісілмейді). Әннен бір куплет: Жалғыз қалып көрдің бе бұл қу дүниеде? Сол кезде түсінерсің. Жалғыздық бөлісілмейді.
