Ескі архив · 07.04.2011 20:20

Келеді кездескім (МузАрт&Меломен)

сөзі: Қалқаман Сарин әні: Арман Бексұлтан Көңілсіз күндермен қоңыр күз жеткенде, Қолыңа гүл берген, "қош" дедім көктемге. Сен оны сезбедің, сен оны білмедің, Сен әлде өзгені сағынып жүр ме едің? Қайырмасы: Сүйгенін сезбес кім? Сынына төзбес кім? Сыр айтып сен жайлы, Мұңайтты кербез түн… Жұбаныш болмайды, Жаныма өзге ешкім. Келеді кездескім… Өзіңді көргелі,өзгеше күй кештім, Сыңар боп сендегі сезіммен үйлестім. Жолыма жолықтың, жанарың мөлдіреп, Мен сені көріппін, сол кезде соңғы рет. Қайырмасы: Аңсатқан ардағым бұл жалғанда, Өзіңдей жан бар ма? Айналған арманға, Бір сендей жан бар?
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту