Ескі архив · 07.04.2011 13:52

Заңсыз маман немесе керек адам

— Сметасымен шығарып берш, «Авангард" стилінде, бөлмелері «Хайтек» болсыншы — деп келетіндер жақсы еді… Стройка тоқтап қалған соң қазақтардың ары кетсе үш бөлмелі времянкасына менің дизайн проектілерім поққа да аспай қалды * * * * * * * * * * * * * * * * Телефон шырылдады: — Ало, Баке сен ба? — Ия… — Мен ғой Сакош, «Адемде» бутигі бар. Лібә, көмек берші… — мммм… есіме түсті… не болды… — Қытайдамын, ана «Еletto», «Boheme» ның этикеткасын королмен атшы почтама. — Бар еді ғой сенде — Кеше байқамай өшіріп жіберіппін, Лібә. Істете салайын десем қате жазат бұл сықсиған ептыбаймайттар. Былтырғы партия абибас боп сол күйі жатыр скаладтта. — Бопты. — Рахмет ей… Баке… Өтіп тұрсай ... * * * * * * * * * * * * * * * * — Ало, Бәке, Ассалаумакем… — Қалай Макс? — Баке, рулдемін, анау не ғой временныйдың күні бүгін бітті… Түнде қайтқанша жасап қойш… Ертең графигкке шығуым керек… — Құдайдан ұялсайш… /анау-мынау ощым/. Права алып адам сияқты айдасайш. Адам тасып жүрсің ғой… Ұсталсам мені айдайды ғой… — Оған өзім жауап берем, Баке өтініш, соңғы рет махыма… -… * * * * * * * * * * * * * * * * — Ало, Аға, ассаумакем… — Не болды брәтшка? — Анау не ғой, менің РНН СИКтерім бар ма сізде. Алдыңғымды таппай қалдым. — Ескі площыттың қасында береді ғой. Ала салсай сол жерден. 500 теңге документальниін аласың ғой… — Уақыт жоқ, Аға өтініш!.. — … * * * * * * * * * * * * * * * * — ООООО, қалай, Рома! — Қалай Бәке! — Қашан шықтың. — Условнойдамын әле… Анау не ғой, Пенсиадан справка істеп берш. Заттарды кредитке береді дейді ғой қазір оңай… Нормальный жұмыс тауып құру керек… арты жаман лібә мынаның… оңбай қалам… /ескерту: артымнан зажигалканың фанаригін жағып түсетіндерге. Маған қатысы жоқ. Айтпақшы арзан: Брендтер эмблемасы, цветной лазерный, галограммалар жасайтын принтер сатам. Жедел кредитке көмек берем/
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту