Ескі архив · 09.04.2011 09:05

Эстафета. Мадленнен 3 кітап :)

Жаз дедi, жаздым… TERISKEY лақтырған таяқпен… «Гарри Поттер» (7 кiтаптан турады) Дж. К. Роулинг Менің ең сүйіп оқитын кітабым екенін білесіздер уже :) Ең алғашқы кiтабы осыдан 10 жылдай бұрын шықты. 7 кiтаптан тұрады екен деп қорқатындарга айтатыным: окуға өте жеңіл жазылған, сюжеті белгілі бір оқиға бойынша құрастырылып, сол сюжет бойынша өрбиді. Шашыраңкы ой жоқ. Не туралы екенін 1/3 постта айтып шығу қиын. Қысқашасы былай: 7 кітаптың әрбіреуі сиқыршы бала Гарридін 1 жылдық өмірін суреттейді. Оқиғалар негізінен сиқыршылаға арналған Хогвартс мектебінің төңірегінде баяндалады. Автордың жазуынша, жәй адамдарға көрінбейтін, бұл дүниеден басқа бір сиқырлы әлем бар. Онда тек сиқыршылар бара алады, тек сиқыршылар оны көре алады. Ол елдің өз басшылығы бар, өз зандары, спорттық ойындары, білім беру жүйесі және өзіндік өмір сүру стилі бар. Ал Гарри сол бір әлемде ең әйгілі, ең атақты бала. Себебі, ол дүние жүзіндегі ең қорқынышты, ең жауыз күш иесі Лорд Волан-де-Мортпен күреске бүкіл балалық шағын жұмсайды. Міне, шамамен осындай. Тағы да айтам, окуға өте жеңіл. Кейіпкерлері өте сүйкімді, ержүрек, жап-жас болғанына қарамастан, кей кездерде үлкендердің ақылы жете бермейтін шым-шытырық оқиғалардан жол тауып жатады. Махаббат майданындағы балалық сезімдерінін озі бір бөлек. Әлемнің түкпір-түкпірінен өз фанаттарын тауып жатқан бұл кітап өз авторына неше түрлі марапаттаулар, жүлделер сыйлады, солардың ішінде: Nestle Smarties Gold Award (3 рет), British Book Awards, Children's Book Award (2 рет), The Booksellers Association/The Bookseller Author of the Year Award (2 рет), Scottish Arts Council Children's Book Award (2 рет) жане т.б. 2000 ж. Роулинг Ұлыбритания құрмет орденінің иегері болды. Солай вот! P.S. Киносы ужастик болып кеткен :( «Том ағайдың лашығы» Гарриет Бичер-Стоу Дүниежүзілік әдебиеттегі шедеврлардың бiрi. Барлығымыз балалық шағымызда оқыган шығармыз, оқымасақ та, көзіміз шалып қалған шығар :) Мазмұнын ұмытып қалыптым, баяғыда оқығанмын ғой. Бас кейіпкері Том – өте қарапайым, ақкөңіл адам. Әйелі мен балаларын жанындай жақсы көреді. Жалғыз айыбы – ол қара нәсiлдi. Өз қожайынына қатты сенім артады, оған жан-тәнімен қызмет етеді. Бірақ қожайыны қатты қысылғаны үшін оны сатып жібереді. Ары қарай құлдың тағдыры оны адам ретінде көрмейтін әр түрлі жауыздардың колынан өтеді. Жолында қанша жанашыр жандар жолыққанмен, бүкіл елде күшіне еніп тұрған құрылысқа ешкім қарсы тұра алмайды. Оқи отырып, Томнын өшпес сеніміне, махаббатына таң қалдым. Солай барлық басына төнген азапты шыдамдылықпен мойнына алып, өзін қинаушылар үшін құдайдан кешірім сұрап өліп кетеді. Роман сіздерге өте ұзақ және созылыңқы болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, оны оқып шыққан адамның есінен ешқашан кейіпкерлердің айқын образдары, олардың бастан кешкен оқиғалары (негрлерді аукционда сатқан кездегі, олардың адам төзгісіз жерлердегі тұрмысы, кұл иеленушілердің қашқын құлдарды итпен іздеген кездері, баласын корғап басқа елге қашып кеткен Элиза) кетпейді деп ойлаймын. Қазақшаға аударылған нұсқасы бар. Шыңғыс Айтматов «Боранды бекет» («Ғасырдан да ұзақ күн») Бұл романның тәрбиелік мәні немесе моралі сияқты заттарын талдап жатудың дым да қажеті жоқ. Әрбір оқырман Айтматовтың шығармаларынан өзіне терең философия мен тұнып тұрған мағынасын алады деп ойлаймын. Қысқаша мазмұны былай: Едіге — темір жолында қызмет жасайтын, бүкіл ғұмырын Сарыөзек даласында өткізген қарт. Оқиға басталғанда ол өзінің өмірлік досы, көршісі Қазанғапты жерлеу үстінде болады. Ал, Қазанғап 2 бірдей баласы бар болса да, жалғыз жан тапсырып, өлерінен алдын өзін Найман-Ана бейітінің басына көмуді тапсырады. Екі арсыз балалары Қазанғаптан қалған арзымайтын мал-мүлікті бөлісудің қамында жүргенде, Едіге Найман-Ана бейітінің басына жетуді ойлап отырады. Арсыз, адасқан балаларына қаны қарайып, опасыз тірліктеріне жаны ауырады. Осы орайда жазушының Найман-Ана бейітіне байланысты келтірген мәңгүрттер аңызын ауызға ала кетпесе болмас. Өз шыққан тегін, Отанын, жақындарын, тіпті Анасын ұмытқан мәңгүрт Жоламанның ауыр халіне жаным қатты ашиды. Мектеп бағдарламасында осы аңызды әдебиеттен оқытады. Тіпті тек осы аңыз туралы фильм де бар ғой деймін… Автордың еріксіз мәңгүрт болған аңыз кейіпкері мен ерікті мәңгүртке айналған арсыз жастарды салыстра келіп, жасырын бір сыр шертуі өте ғажап… Сонымен ат терлетіп қанша жерді басып, бейіт басына келгенде Едігенің көз алдында сұмдық көрініс ашылады: қоршалған территория, бастықсымақ дөкейлер, сақшылар … Ана-Бейіт үстіне соғылған космодром… Жан түршiгерлiк дауыспен көкке зулаған тiкұшақтар… Қоршаудан өте алмаған жолаушыларға мәйiттi жақын жерге көмуге тура келедi… Осылай бiтедi. Қайғылы, мұңды. Тым ұзақ жазба болып кетсе, кешіріңіздер енді… Бәрін бірден емес, бөліп-бөліп оқысаңыздар да болады :) Ал, уффф деп келесi кезектi VKM алсын :)
Авторы:
madlen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту