Ескі архив · 10.04.2011 16:42

Арулар асыл жандар (Роза Әлқожа)

Арулар — әрбір үйдің шаңырағы, От болып әрбір үйге жағылады. Таң болып әрбір үйге атты-дағы, Сәуле боп әрбір үйге жамырады. Қайырмасы: Арулар — асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арулар, арулар — асыл жандар! Арулар — асыл жандар, сағыныштар, Құшақтар, өтініштер, жалыныштар… Жүрегін жек көрсе олар мұз жасайды, Балқытып жақсы көрсе жанында ұстар. Қайырмасы: Арулар — асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арулар, арулар — асыл жандар! Арулар — аяулылар, ардақтылар, Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар. Арулар — тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір-біріне жалғап тұрар. Қайырмасы: Арулар — асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арулар, арулар — асыл жандар!
Авторы:
saken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту