Ескі архив · 10.04.2011 10:50

Эстафета. Қалдықыздың оқығандары

Малика қолыма алауды ұстатқан соң, бас тартуға ұялдым :) Эстафета жалғасын табуда, мен ұсынатын 3 шығарма Менің кітап түгілі гәзит оқуға онша ықыласым жоқ, әсіресе соңғы 2-3 жылда. Бірақ (Балжанның так-тагымен әзер үйрендім бірақ деп жазып :))))), онымды түсіндіре алмаймын да неге екенін, оқығым келмейді. Сәтекеңнің әңгімелері кітап болып шықса оқыр ма едім. Жә, енді кітап жайлы, өзі оқыған санаулы кітаптарымның ішінде (қысқа шығармалар мен жұқа мұқабалы махаббат туралы әңгімелер де осының ішіне кіреді), ең ұнағаны: 1. Әкім Таразидің «Қорқау жұлдыз» шығармасы, өтірік айтпасам 3 қайтара оқыдым, арасына 1-2 жыл салып. Әңгіме жанұя абыройын ту қылып ұстап, кісінің сөзіне көңіл бөлген жігіттің, егізіндей қатар өскен қарындасын Өзбекстандағы досының үйіне апарып тастауынан басталады. Сол кеткеннен қыз мол кетеді, ағасы да іздеп келе қоймайды, ақыр соңы жас қыз сот залының алдында өзіне жанармай құйып өртеп жібереді. Басы мен аяғының арасында неше түрлі оқиғалар болады, жарнамалап жатудың өзі дұрыс емес, оқығысы келетіндер менің қисық (Димаш сен жайлы емес) жазуыма қарамайды да. 2. Бірінші орынға лайық болса да, бірінші орынға отандық өнімді қойдым да, екінші орында Шыңғыс атамның «Қызыл орамалды шынарым менің» атты шығармасы. Бұл шығарманы орыс тілінде оқыдым, ол кезде студентпін (1 н/е 2 курс, ұмытып отырмын), өзім үйімді сағынып жүргенде, көңіліме шексіз сағыныш орнатып жіберді. Ондағы еркек, келіншек, бала бейнесі көз алдыма елестейді де тұрады, бейне бір киносын көргендей. 3. Әзілхан Нұршайықов атамның «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқымаған адам кем де кем шығар. Сонда да жаңалық қылып айтайын маған Меңтай мен Ерболдың махаббаты жайлы шығарма ұнайды. (Абай жолы, Ботагөз деген роман үйде бар, талай рет бастап оқығанмын да, бірақ мен ондай қиын шығарманы көтере алмаймын) Айтпақшы, маған Бейімбеттің «Шұғаның белгісі» атты шығармасы ұнайды. Кітап емес, қысқа әңгіме рекомендейгеніме кечроң. Кезекті Ернар досыма ұсынамын
Авторы:
Zilola

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту