Ескі архив · 11.04.2011 10:42

Қолданушы этикасы немесе Керекинфода блогерлік

1 аптадан кейін осы платформаның құрылғанына, Керекинфоның блог жүйесі ретінде жұмыс істеп жатқанына 4 ай толады. 4 ай аз сияқты көрінгенімен, былай қарасаң одан да көп уақыт өткен сияқты. Оған себеп: бүгінге дейін мында талқыланған тақырыптар, ашылған қауымдастықтар, қалыптасып қалған ұғымдар, достықтар, кездесулер… Бірақ, қазір қарап отырсам блоггерлік бағыттан ауытқулар көбейіп бара жатыр. Қолданушы этикасы туралы шамалы ескертпелер айта кетейін. Осы жерде жазып жүргендіктен сіз де блоггер саналасыз, сондықтан блоггерлікке лайық әрекеттер жасауыңызды өтінемін. 1. Тақырып аттары Тақырып аттарында көп қателіктер көріп жатамын. Тақырыпты бас әріппен бастаған дұрыс. Егер 1 сөзбен тақырыпты аша алмайтын болсаңыз неге қасына тағы сөз қоспасқа? Өйткені кейде бір түйір сөзге қарап түсініксіз болып жатады тақырыптың не туралы екені. Біреулер бар тақырып атына жазып жатқан нәрсесіне өзінің коментін жазатын, смайлик қоятын. Егер тақырыбыңыз көп оқылсын десеңіз атын дұрыс жазыңыздар. 2. Ілмектер Ілмектер туралы мында неше рет жазылды, қарап жатқан ешкім жоқ. Ілмек жазатын жердің астында негізі мындай ескертпе жазу бар: Ілмектерді үтірмен бөліңіз. Мысалы: Астана, блогтар, рейтинг, google, Наурыз, алма Бұл жердегі үтір деген сөзге көбісі назар аудармайтын сияқты. Үтір деген мындай таңба: "," Орысшасы "запятая" Сөздерді осы таңбамен бөліп отырсаңыздар екен. Бұл техникалық жағы ғой, ал енді ілмектер мазмұнына келейік. Бұл жерде де біраз адам өз жазуы туралы не ойлайды соны жазып кетеді. Ілмектер — кілтсөздер. Мысалы сіз бостан босқа жазбайсыз ғой жазуыңызды, іздеу жүйелері арқылы біреулер тауып оқысын деп те тілейтін шығарсыз мүмкін? Былай ойлап көріңізші осы мақаламды мен іздесем қандай кілтсөздермен тауып алар едім деп, солай ойлап ілмектеріңізді солай жазыңыздар. Тәжірибелі блоггерлердің жазбаларын қарап шығыңыз, ілмектерді дұрыс жазуды солардан үйреніңіздер. 3. Минус, плюстар Қараптан қарап ешкім минус қоймайды. Қойса да демек оған себебі болды. Барлық жазылған нәрсе бәріне ұнай беруі мүмкін емес қой. Минус қойғандар сосын неге минус қойғанын жазбаса да болады. Және осылар үшін өкпелеу, айтыс-тартыс жасау дұрыс емес деп ойлаймын. 4. Флуд каменттер Камент жазу кезінде "қуу" деген ұғым бар.Яғни бір тақырыпта әрі қарай каменттер ішінде біраз әзілдесу, күлкілі тақырыпты әрі қарай іліп әкету. Бірақ, мұның де өз реті бар. Соңғы кезде бұлай "қуу" емес кәдімгідей қара флуд көбейіп барады. Қолданушылар сайтта жеке хат функциясы бар екенін ұмытып кете беретін сияқты. Егер бұрын қолданып көрмесеңіз көріңіз, өте ыңғайлы ол жерде де жазысу. 5. Қауымдастықтар Түрлі тақырыптарға бөлінген қауымдастықтар бар. Қолданушы постын жазған кезде жеке блогында жазылады, сол жерде сақталып қалады. Ал, егер бір қауымдастыққа мүше болып, сол қауымдастық блогына жазсаңыз жазбаңызды басқалар оңай тауып алар еді. 6. Жиі Сұралатын Сұрақтар Бос уақытыңыз болған кезде FAQ — ЖСС бетін оқып шығыңыз. Мұмкін білмей жүрген сұрақтарыңызға сол жерден жауап табарсыз. Егер сұрағыңыз болса мына жерге жазуыңызға болады. 7. Сыйластық Сайтта жазба, пікір жазу да еңбек. Сондықтан жазған нәрсемізге жауапкершілік танытайық. Өзімізді де өзгені де сыйлайық. Бұл жерде ешқандай ортақ тақырып жоқ. Сондықтан жазылған жазба біреуге ұнауы, біреуге ұнамауы мүмкін. Сыйлайық, сыйлы болайық.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту