Астаналықтардың назарына!
2011 жылы 5 мамыр күні Корея Республикасының Қазақстандағы жылына байланысты Астана қаласына Сон Иль Гук (актер, «Ханзада Жумонг»), «T-Max» тобы, Со Ын Ён (әнші, «Прости я люблю тебя» сериалына ән жазған), JQT (қыздар тобы), «Чонгдонг» театр тураппасы қонақ болып келмекші екен. Концерт «Қазақстан» концерт залында өтеді, басталуы 18:30. Қазіргі ақпараттарым бойынша кіру – тегін. Бірақ алдын-ала Корей мәдениет орталығының әкімшілігіне хабарласып, орын тағайындап алу керек сияқты. Телефоны: 90-11-13.
Шақырылған қонақтардың біразы бізге танымал. Сон Иль Гук (Song Il Gook) – атақты «Ханзада Жумонг» телехикаясында басты рөлде ойнаған актер. Ал бұл сериал біздің көрермендердің ықыласына бөленіп үлгергені белгілі.
«T-max» тобы «Жігіттің сарбаздары» сериалындағы «Paradise» әнін орындаған. Әрі топтың бір мүшесі Ким Джун (Kim Joon) басты рөлдегі төрт жігіттің бірі – Ву Биннің рөлінде ойнаған.
Со Ын Ён (Seo Yeong-eun) – бізде көрсетілген «Прости, я люблю тебя» сериалының басты саундтрегін орындаушы. Және Кореяда белді әнші.
JQT қыздар тобының да жақсы әндері баршылық.
Әттең, астаналық емеспін. Әйтпесе сіздер үшін жақсы репортаж жасап берер едім. Көбін Сон Иль Гук және Ким Джунмен сұхбат қызықтырары сөзсіз. Енді барғандар арасында Корея мәдениетінен жақсы хабардар адамдар интернетке шығарар деп үміттенемін.
Ақпаратпен бөліскен Айдосқа үлкен рахмет!
