Бақсы-балгерлер,емшілер...
Қазақта шөппен емдейтін де, отпен емдейтінде қолы жеңіл емшілер болған кезінде. Тіпті құрсақта өлген сәбидің денесін бөлшектеп әйелдің өмірін сақтап алып шыққандар да болған баяғы заманның өзінде. Қазір осындай жолмен ақша тауып жүрген арамзалар жетерлік. Бұл жайлы «Шаншар» театры да «Ақ тырна» қойылымында керемет жеткізе айта алды.
Бұларға мен неліктен сенбеймін?! Мүмкін оннан бірінің шын қасиеттері бар да шығар. Біраз жыл бұрын қайтыс болған бауырымды Қазақстан көлемінде апармаған жеріміз жоқ… Медицинадан да үмітімізді үзгендік қой…
Аталған емшісымақтардың кейбірі Құран сүрелерін дұрыс оқи да алмайды. Әйелдердің көбіне қоятыны бір диагноз. «Жатырың ауырады», «Бүйрегің» анауың-мынауың деп кете береді.
Еркектерге де дайындап қойған диагноздары жетерлік. Қазір дені сау адам табу қиын ғой. Кезіндегі киген қытай аяқ киімдерінен өткізген суық бүйректі алары, аяқтың қақсауы заңдылық. Осыларды айтып берсе ауызы ашылып аңқайып қалатындар бар. Керемет білгіш болса осы уақытқа дейін бір адамға «Сенің тісің ауырады?» деген емші бар ма екен? Меніңше бұндайларға көп бара бермеген және сене бермеген ләзім.
