Ескі архив · 13.04.2011 23:04

Әдемі қыз (KeshYou)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз, Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз. Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің, Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз. Қайырмасы: Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жанымсың. Ақ көйлек, қара камзол белін буған, Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған. Мен сізге ғашықтықтан сөз айтамын, Ар жағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту