Эстафета: "Бағдаршам" һәм "Дениз бақыты" . Поторепартаж:))))
Уа, жамағат!!!
Түнеукүні Нұрғиса ағам салып берген эстафеталық сара жолды жалғастыруға рұқсат ет! Ағам Теріскейдің аспаздық қабілетін байқалық деген сәтте, тесікке кірер жер таппадым. Біз пенде өмірінде жетістіріп тамақ істеп көрмеген, керек десеңіз әлі «маңдайына таба тимеген» (© «Рапунцель») жігіт ек :))) Қой, ұят болмасын деп, бұрынырақта үйренген бірдеңелерді еске түсіруге тура келді.
Әлқисса. Кешкі сағат 21-15. Қасыма «потогрып-помощнигімді» ертіп, асханаға кірдім. «Тыңда, Сәнәй, қазір мен істеп жатып, мынаны түсір, мынаны түсір деймін, сен түсіріп тұрасың, жарай ма?» Жауап «мақұл» болды. Қарындасыммен диалог қой…
Сонымен, мен тамақ істей алмайтынымды "үшеу білсе, бесеу білмес" ©. Салат істегелі жатырмын, аты — «Бағдаршам». Нууу, қызыл. жасыл болған соң, солай дейтін шығар.
Бізге қажетті ингредиенттер: ет, қызыл, жасыл және сары түсті болгар бұрышы (перец), «Corrado» және «Bonduelle»-нің тәтті жүгерілері, қызыл пияз, укроп және кинза, соя соусы.
Бастаймыз:
1. Міндетті түрде «Бисмиллаһи рахмани-ррахим» деп ісімізді Алланың атымен бастап аламыз.
2. Жақсылап тұрып қолымызды жуып аламыз (тазалық қой):)))
3. Әлгі ет пен бұрыштарды жалпағынан әдемілеп тураймыз.
4. Қазанды отқа қойып, аздап қызған соң, өсімдік майын құйып, аздап оны да қыздырамыз.
5. Туралған етті қызған майға салып, арлы-берлі қозғаааааап, оттың астын басып, 10-11 минөтке қақпағын жабамыз.
6. Ал, мына жақтан туралған бұрыштарымызды тостақ ыдысқа (суретте менікі сияқты майонез-айрандардан қалып кеткен ыдысқа емес, әдемі болу үшін нуууу, очм шұңғыл ыдысқа) салып, үстінен тәтті жүгерілерімізді «төңкереміз».
7. Сосын укроп, кинзаларды майдалап, өз әдісінше турап, тағы да жоғарыдағы ыдысымызға саламыз да, үстіне лимонды отрасынан екіге не төртке бөліп, сөлін сығамыз жақсылап.
8. Бұл сәтте қазанымызды етке назар аударамыз. Етті жұмсарта түсу үшін соя соусы мен тиісінше тұз қосамыз.
9. Обшым не керек, етіміз де қуырылып біткен сәтте әкелеміз де, әлгі бұрыш-жүгерілер салынған шұңғыл ыдысымызға араластырамыз.
10. Біттіііііі!
Бұл менің потогрып-помощнигім..:)))
Пы.сы.Ренжімеңіздер, мен әсемділік, әдемілік дегенді онша білмейді екем, қолдан не келді, соны жасадық… Келесі эстафета таяқшасын SAMMITA Омар быратқа берсем деген «арам» ойым бар.
Пы.сы.сы. Очм, не керек, салатымызды істеп бітіп жатсам, қарындасым жүгіріп келді, «Дениз» сериалы басталыпты. Салатымыздан ауыз тие отырып көрдік.(қыз құсап сериал көргенін несі деп жынданып жатқан «смайликтерге» айтарым, оның өзіндік себептері барын айтқым келеді) 386-сериал бітті: Дениз Бахридің өз әкесі екенін білді, жалғыз ол ғана емес, бүкіл жұрт білді, жамағат! Зынашит, Дениз бұдан былай Атабаева болатын шығар:))) Сол үшін салатымның атын өзгертіп, «Дениз» бақыты деп атадым:)))
