Ескі архив · 13.04.2011 12:13

Не деген қараңғы өмір, қараңғы өмір,

Не деген қараңғы өмір, қараңғы өмір, Жүрегіне мұң салған қаламгердің. Адастым мен тұманда жол таба алмай, Қараңғыда қол бұлғап қала бердім. Тас қараңғы дүние-ай, жүріп келем, Жарық силап жолына үміт деген. Табаныма тас батты шыдатпайды, Сонда да жүріп келем, жүріп келем. Жанарыма байлаппын-ау мұң тізбегін, Неғып жүрмін? Не керек? кімді іздедім? Қадам бассам қалмайсың көлеңкедей, Қараңғылық сен менімен егіз бе едің?!
Авторы:
borte_92

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту