Ескі архив · 14.04.2011 12:54

Қош бол, Интер!

Сонымен, чемпиондар лигасы ақтық бәске бір табан жақындай түсті. Ақтық жұп Реал-Барселона және МЮ-Шальке төрттігі арасынан іріктеледі. Испандық эль-классико жеңімпазы финалдық доптебістің фавориті болады деген ой бар. Кешегі ширекфинал ойындарында Реал реномесін кезекті мәрте дәлелдеді. Бастапқы 4-0 Тоттенхемнің салын суға кетіріп қана қоймай, стимулдың быт-шытын шығарған секілді. Интердің өз алаңындағы абыройсыздануынан кейін неміс жерінде жігерлене қоюына сену қиындау еді. Рауль бастаған Шальке ішкі біріншіліктегі қолайсыздығын осы жетістігімен жібітіп-жіпсітіп жатқан сыңайлы. Екі аптадан кейінгі төрт алыптың жұптасып жұлынуына куә боламыз енді. Түнгі үшке дейін ұйқықиярлыққа бар болсаңыз. Менің таңдауым МЮ мен Барселона. Оның өз себептері бар :)
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту