Қуанышты хабар, жама'ат!!!
"Құдайға барғанда, бірінші:«көршіңмен қалай болдың?» деп сұрайтын көрінеді ғо" © Әмөштің тостынан.
Уа Исаның өсиетін аттамаған ізгі кришнаит бауырлар! Бүгін мен 8 айдан бері… бір қабатта тұратын көршімді көріп қалдым!
Толықтай көрдім деп айтсам, мақтаншақтық болар; бірақ 4/3 бөлігін көріп қалдым десем, шындықтың ранчосынан алыс болмас. Әйтеуір танып-білуге қажетті басын, денесінің жартысын және сол аяғын байқап қалдым! Лифтіге кіріп бара жатан жерінен көріп қалдым.
Бір өкініштісі — қазақ екен, бірақ мен ол үйде тіпті ешкім жоқ шығар деп қорқып жүргем, сондықтан — жоқтан жақсы. Ертең үйіне келген квитанциялардан атын біліп алатын шығармын.
Аспан Әміршілері сендерге де осылай қараса ма, айтыңдаршы? Шеккен екенсіңдер нақ! Мұны мен жексенбілік дұғаны қаза қылмай барып жүрген ниетіме берген Олимпте отырған сопақбастардың сыйы деп түсіндім. 8 ай дегенде көріп қалдым! Ана Ико 3 жыл болд нақ тұрғанына: екінші әйелі қайтыс болғанда, садақаға шақыратын да көрші таба алмай, үшеулеп ақтық сапарға аттандырып едік.
Нирвана нақ! Рақат!!!
