Қайдан шыққан мереке?
Алдын-ала ескертіп қойғым келеді. Бұл жазылғандар менің пікірім. Ұнаса +! Ал,ұнамаса қуырылған жұмыртқа лақтырып әуре болмаңыздар!:)
Шынымды айтсам, кешелі бері, махаббат күнімен құттықтағыштар көбейіп кетті. 15 сәуір ғашықтар күні деп қашан бекітілген еді өзі?!
Меніңше бұл мерекенің 14 ақпаннан ешқандай да айырмашылығы жоқ. Жай ғана датасы мен аты ауыстырылған. Ашық айтқанда День Св. Валентинаны заңдастырып қоя салған! Әйтпесе, элементтері дәл сол қалпы!
Бүгін ғашықтар күні! Қалғандар сағат түнгі 12:01ге дейін өмір сүрмесін:)
Біраз, кейіндеу ақпанда болған факттарды жазам! Аурухананың гинекология бөлімінің бір дәрігерімен сөйлесуге уақыт таба алмай жүрмін…
Еліктеуден туған мейрам болғандықтан ғұмыры ұзақ болмайды деп ойлайм!!!
Былайша айтқанда:
14 ақпан — у іш…
15 сәуір — уды нанмен қосып іш деген нәрсе сияқты (басқа ешнәрсе кеп тұрған жоқ)
p.s. Мені құттықтамаңыздар! Мен ешкімге ғашық емеспін! Кейбіреулердің «мерекелік» көңіл-күйін бұзғаным үшін тізерлеп отырып кешірім сұраймын нақ:))))))
