Ескі архив · 19.04.2011 22:50

Адамдар ақша үшін не істемейді ә?

Түркияның әр облысына тән бір… нәрсесі(Орнына басқа сөзбен ауыстырайын десем, ыңғайлы сөз таба алмадым)бар. Мәселен, Бурсаның Ескендір кәуабы, Күтахияның фарфор ыдыстары, Ыспартаның раушан гүлдері, Манисаның бір шөптен жасалған тіс пастасы, кәмпиті, т.б. Сол секілді Ван дейтұғын Түркияның түүуууууу, шығысындағы бір аймағында ерекше мысық бар. Екі көзі екі түрлі болады. Көзінің түстері. Суды жақсы көреді және(Әдетте мысықтар суды жақсы көрмейтіні белгілі).Cондай-ақ, бағасы қымбат тұрады. Өзге мысықтардан. Бір досымның хикаясынанан: Досымның досы базарға барып Ван мысығын сатып алатын көрінеді. Әлгі мысық үйге келген күйі кетіп, ауыра бастайды. Болмаған соң мал дәрігеріне апарыпты. Сөйтсе, әлгі мысықтың көзіне линза тағылған екен. Адамдар ақша үшін не істемейді ә? деп аяқтады досым сөзін. Расымен-ақ…
Авторы:
aktobe88

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту