Қасиетті, киелі мекен - Түркістан
Ескі Түркістан қаласы
(XV — XX ғ.ғ. бірінші ширегі)
Ахмет Иасауи кесснесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен — «Хазірети Түркістан» деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап «Түркістан» атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі — цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі — 2,6 гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі — 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардан (М.Е.Массон) бері жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж.ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.Толық танысқыңыз келсе
