Ескі архив · 22.04.2011 23:46

Анама

(1998 ж, жаз) Анам барда күлімдеймін, күлемін, Сен болмасаң қалай өмір сүремін? Анам барда керегі жоқ ештеңе — Анам менің жүрегім мен тірегім. Анам менің! Дүниедегі асыл жан! Мейірімі шуақ болып шашылған. Анашымның өнегесі, тәлімі Жадымда бір кітап болып басылған. Анам менің бұл дүниеде көнерім, Анам менің бұл өмірде сенерім. Теңдесі жоқ үлкен сыйлық емес пе, Анашымның “айналайын” дегені!
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту