Діни сұрақтарға неге талас көп?
Менің ойымша діни көзқарасқа сақ болған дұрыс. «Әрбір адам өз ойының иесі». Адам жақсы да жаман да ойлауға қабілетті. Ал енді қарап отырсам дау-дамайды Дайрабайдың сиыры болмаса да жібере береміз. Әркім өз теориясын жақтауға әлек. Ал түбірінде бірдей ойлар барлығында. Түсінбеген бір-екі жайт қана. Күмән іздеген кейпін өзі байқамай қалады. «Сен ана ағымнан емессің ба?». /«Күдік, күдік…» © Patick /
Бірде, рамазан айында теледидардан молдекеңе «тікелей эфир» жүргізіп, телефонмен халық сұрақтарын қойып жатыр:
— Сізге қоятын сұрағым. Ораза ұстауға негізі тамақтан емес шөлден қорқамын. Соған жеңілдіктер бар ма?
— Енді, ол туралы… аятта… — деп бастаған молдекең – Ауызды шаюға болатын жеңілдіктері бар, бірақ басыңды аспанға қаратып тамағыңды ғырылдатпа /негізгі түсінігі/ — деді.
— Мүмкін басқа да тағы жеңілдіктер бар? – деп жаңағы кісі тағы да қанағаттанбаған түрде
— Айтып отырмын ғой, білеміз, осы соңғы кезде күннің аптап ыстығына тура келіп тұр... Жаңағы телефондағы кісі тағы килікті…
Сонда түсінбей отыр ма? Әлде «- Сізге скидка немесе «Акция», Макцичайдың лимонныйын ішуіңізге болады, Тасайдың 1,5 литірлігі болады… » — дегенді күтіп отыр ма?.. Таң қалдым… Түсінгенде қандай түсініп отыр…
Бұнымен айтайын дегенім: « Барлығымыздың ұстанымымыз ақ жол болсын! Мүмкін сіздікі де дұрыс шығар? Сіздің айтқаныңыздың мына тұстарын білмейді екенмін! Мына жеріне қосымша мынадай болатын шығар! Қабыл болсын!» — дегеніміз мүмкін дұрыс болар.
Не дейсіздер, Бауырлар?
