Көрші ауылдар...
Жол бойында қатар тұрған екі ауыл…
Екі түрлі болмыс, екі түрлі түршілік.
Біреусінің үйлері еңселі, шарбақтары көз қуантардай әсемдікпен орналасып көшелері жасыл желегімен сүйсіндіреді. Қора қопсысы жинақы. Ауыл адамдарының да жүзінен заманына сай ұсыныс пен сұраныстың тоқайласатын жерінен нәпақасын тауып жағдайлары тым жақсы екені алыстан айқайлап тұр.
Қараған сайын жаңа талпыныстардың бар екенін — бұл жерде әліде болса шешімін жаңа қырынан табатын тұрмыс талабына сай ұсыныстар бой көрсететінін байқауға болады.
Өмірге құштар, жаңалыққа жаны құмар – адамдар...
Екіншісіне келетін болсақ – бейқамдық. Бейқамдық та емесау – нағыз кержалқаулық. Күлдері төрлеріне шейін шашылып жатырма дейсің. Көшедегі кейбір орындықтардан беттері ұйқыданба(арақтанба) ісіп кеткен, ұсқындары тым нашар тұрғындар. Қораны жағалап жүрген қыстан әрең шыққан көтерем түліктер. Қашалары қисық-қисық, үйлерінің сылақтары жарылып қотырланып кеткен –адамдар...
