Пара бердім мен бүгін!!!
Нақтырақ айтқанда мен емес, қарындасым берді. Десе де, ол ақша менің қалтамнан шықты. Сессия таяп, ЖОО "ұстаздары" майланып-ақ жатыр. Жазда сойылған «соғымдай» боды ғой мынау. Алдымен беруге келіспей, диктафон алып барып, ақша тілеп тұрған сөзін жазып алып кел деген едім. «Аға, мен сол универде әлі 3 жыл оқимын ғой...», — деп, қарсы шықты. Ендеше аноним болып «Взяточникке» жазайық дедім. Толк жоқ! ЖМУ-нің ұстаздары бұған дейін де ол сайтта жаряланған, сескенбейді одан деген жауап алдым. Ақыры бердік, беріп келді. Келгелі бері: "Қазір үйге қаржы полициясы баса-көктеп кіріп, сені алып кетеді. Сен сыбайлас жемқорлыққа жол бердің!",-деп қалжыңдап қоямын. Тфу-тфу-тфу (кіріп келсе тағыда!!!).
Қарап отырсам, мен де студент болдым. Бірақ, пара бермедім. 1-ші курста КазГУдан бір философ келіп, «сындырмақшы» болған. Сынбадым. Қойсаң, қой деп тұрып алдым. Қойды. Қазір ол үш дипломда тайға таңба басқандай тұр. Қалған үштер (жалпы саны 5) 750 жылғы араб-қытай соғысы турасындағы айтыстан бастау алған, ұстаз бен шәкір арасындағы даудың салдары. қырсыққанда ол препод 4 жыл бойы қанымді ішті. маған пофиг (боқтық емес шығар бұл сөз)! 750 жылы ата-балаларымыз арабтар жағын қолдаса да, арабтар мен бабаларымыз арасында қарулы қақтығыстар болғаны рас!!! Фанатик ағай жоқ, «все как по маслу» өтті деп тұрып алды. Қазір сол тақырыпты өз оқушыларыма айтқан кезде, ақиқаттан аттамай, шындығын айтудамын. Кутейба деген араб бабаларымызға қылыш сермеген деп. Чет мен темадан ауытқып кеттім…
90 ауыз сөздің тобықтай түйіні: парақорлық — беспантово!!! бір семестр бойы көз майымды ағазып, қарындасыма арнап, саясаттануға қатысты жасаған презентацияларымды қайтейін. Ақыр соңы алыс-беріс болып кетті?! парақор мұғалімнің жезөкше (проституткадан) айырмашылығы қандай?! Ешқандай…
P.S. суреттер ұрланды, құдай өзі кешірсін.
