Ескі архив · 23.04.2011 17:21

Шоған Абыз(1584-1642)

Шоған Абыз Ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет Сол бір замандарда 13 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болған екен. Абыз атағын бұл бабамызға елі беріпті. Мына ескерткштегі ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет бірге бейнеленуіне себеп бар екен. Енді менің естіп білгенім: Тұғжым мен Дәуім өз ұлдары да қалған екеуі асыранды балалары екен. Соның ішінде Мәмбет жайлы естігенімді айтайын. «Алжанды Шоған асыраған» — деген, ұлы жүз балалары ішінде тұжырым бар. Ол тұжырымды Алжан ұрпақтары ешуақытта теріске шығаруға талпынбаған. Себебі, ол расында солай. Ел арасында жүретін Шоған бабамыздың көзі- сарттың малын бағып жүрген кішкене екі ұл балаға түседі. Жөн сұраса келіп, алашапқында (жоғалып)адасып қалған қазақтың балалары екенін анықтайды. Тумысынан зерек бабамыз, Мамбеттің жыртық шапанының арқа жағынан көрініп тұрған денесінен(жотасынан) жалпақ қал байқайды. Балаға, мен сені жақын арада құлдықтан құтқарамын көп алысқа кетпе, жақын жерде бол дегенді айтады да жүре береді. Кейін қазылар талқысына салған кезде — ол Мамбетті менің қуғын-сүргінде жоғалқан ұлым еді, айғағым бар деп уәж айтады. Сарт болса, берместің амалын іздеп — бұл баланы жөргектегі кезінде ақ көп ақшаға сатып алғанын айтып байбалам салады. Қазылар не дәлел-айғағың бар дегенде, баланың жотасындағы қал жайлы айтыпты. Содан кейін сартқа балаларды аман сақтағаның үшін деп сый сияпатын ұстатып оларды өзімен еліне алып қайтыпты. Үйінде бұл баланы атымен атамай, өз балаларынан артық көріп, тапқанын соған ал жаным, ал жаным алағой, деп ұсынатын әдеті болыпты. Ал, ауыл жеңгелері — Мамбетті содан Алжан деп атап кеткен екен… (Ел аузынан).
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту