Ескі архив · 25.04.2011 12:10

ҚАЗАҚ ҚЫТАЙДЫҢ ЖИЕНІ МЕ?

Пойыз жүйткіп келеді. Баяғы көзілдірікті кетік жөн сұрасты: -Әй, бала, қай жердің қазағысың? -Мына Алматының маңындағы Бақанас деген жердің тумасымыз… -Еее, Жалайыр мен Ыстылардың жері емес пе. Ұлы жүзбін деші. -иә, Ұлы жүзбіз. -Жалайыр атауының түбін білесің бе? -Білем. -Жаңа туған баланың арқасында жалы болады ғой. Сол үшін де Жалайыр деп атайды. -Аха, оны естігем. -Мына… жалайырлар, жалпы Ұлы жүзде қытайдың қаны бар ғой, білесің бе соны? -Жоқ, оны білмеппін. -Онда тыңда — деп бастады әңгімесін көзілірікті кетік шал — үйсіндер қытайлармен қоңсы отырғанда оладың арасында алыс беріс жақсы дамыған. Тіпті қыз алысқан деседі. Қытайдың Хан Ша деген қызын үйсіннің бір жігіті алады ғой. Оны үйсіндер Ханшайым деп атаған. Сол Ханшайым кейін үйсіндерге сіңіп, Ханшайым Ана деген атқа ие болады. Ұлы жүз сол Ханшайымнан тараған. Кейініректе қытайлар тоқсан мың қолмен қазақ даласына лап бергелі тұрғанда, Абылай хан барады ғой. «Әй сендерге не болды? Біздің жарты қанымыз қытай емес пе? Біз Хан Шаның ұрпағымыз ғой» деп. Сосын қытайлар кері қайтады ғой. Міне Абылайдың бір сөзі қаптаған қара қытайды тоқтатады. Мен үнсіз басымды шұлғып отыра бердім. -Солай бала. Қытайлардың бізге әлі күнге дейін әскермен кірмеуінің себебі сол. Қазақтың тең жартысының қанында қытайдың үлесі бар. Ұқтың ба? Мен: -ұқтым… сонда мен де… -иә, сен де жартылай қытайсың! Қазақтың тең жартысы жартылай қытай. -Нағыз қазақ кім сонда?-бір түрлі боп қалдым. -Нағыз қазақтардың жаңа туған сәбиінің оң жамбасында қалы болады. Оны біреу байқап, біреу байқамайды. Солай! Қытайдың жиендері! … (Не боп кетті өзі?)
Авторы:
zhazular

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту