Ескі архив · 25.04.2011 15:09

Сайттағы жаңа "фишкалар": Қолданушыны пікірталасқа шақыру және Автокат

Қанша жерден айтсақ та, FAQ жазсақ та қолданушылардың көбісі жазбаларын қиюды үйренбеді, нәтижесінде ұзын жазба болып, орын алып тұрады. Бұдан кейін cut тегін қоймайтындардың жазбалары автоматты түрде 250 символдан кейін қиылады. Тағы бір жаңалық: сайттағы бір қолданушының назарын аудартқыңыз келсе немесе пікірталасқа қатысуын қаласаңыз, пікір жазған кезде ол қолданушының логинінің алдына @ таңбасын қойсаңыз болды, сіз айтқан қолданушының email адресіне хабарлама кетеді. Бұрын Кездесу сайтында болғандарға түсінікті деп ойлаймын. Мысалы @abilakim деп жазсаңыз, сіз пікір жазған мақаланың сілтемесі Әбіләкімге барады.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту