Ескі архив · 25.04.2011 16:25

Тұмар тағу туралы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен! Ибн Мәс`уд былай деген: «Мен Аллаһ елшісінің: «Дем салу (руқия), тұмар тағу мен еліктіру ширк болып табылады», – дегенін естідім» [1](Ахмад 1/381, Әбу Дәуд 3883, Ибн Мәджаһ 3530). `Уқба ибн `Амир айтқан: «Бір күні пайғамбарымызға делегация келді. Ол тоғыз адамнан ант қабылдады да, біреуінен қабалдаған жоқ. Пайғамбар: «Негізінде, ол тұмар тағып алған!», – деді де, одан тұмарын жұлып алды, сосын антын қабылдады. Кейін былай деді: «Кім өзіне тұмар тағып алса, ширк жасаған болады» (Ахмад 4/156, әл-Хаким 4/417). Тұмар деп көптеген адамдардың мойындарына асып алған жіптер, моншақтар түріндегі заттарды және соған ұқсас тағы да басқа нәрселерді атайды. Сондай-ақ, бұған сол затқа тәуекел етіп, тіл-көзден сақтайды деген оймен адамның киіп алған жүзігі немесе басқа нәрселер де жатады. Әсіресе, бұны жиі жас балдарға көзден және с.с. сақтасын деп кигізеді. Өзіне тұмар, талисман, түрлі жіптер мен моншақтар ілу, тағы теріге немесе матаға оралған дұғалар тағу және кішкентай балдардың шекесіне бәле-жаладан сақтасын деген мақсатпен күйе жағу үлкен күнә болып табылады, өйткені осыған ұқсас себептерді жамандықтан сақтану үшін қолдану Құран мен Сүннетте де бекітілмеген. Егер адам осындайларды себеп ретінде алып, бірақ Аллаһқа тәуекел етсе, онда бұл кіші ширк болып есептеледі. Алайда, егер аталған нәрселерді жасаған кісі осы нәрселердің өздері қайғы-қасыреттен құтқарады деп анық сенетін болса, ол үлкен куфр жасаған болып саналыды (“әл-Қаулул-муфид” 1/115). Аллаһ Тағаладан теріс айналып, өздерін және бала-шағаларын ешқандай пайда да, зиян да әкеле алмайтын көз-моншақтар мен жіптерге тапсыруға не итермелейді?! Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, адамдар! Мысал келтірілді, соған құлақ салыңдар! Расында, сендердің Аллаһтан өзге табынатыңдарың ол үшін жиналса да шыбынды да жаратуға шамалары келмейді. Ал егер шыбын олардан бір заттарын алып кетсе, олар оны қайтара алмайды. Сұрап жатқан да, сұралып жатқан да әлсіз!» (Хаж сүресі, 73-аят). Тағы да Аллаһ Тағала: «Өздеріне Аллаһтан басқа қолдаушы мен жәрдемші таңдап алғандар, өзіне ұясын тіккен өрмекші секілді. Расында, ең нәзік (мықты емес) ұя – өрмекшінің ұясы. Егер де олар білгенде еді!», – деді (әл-`Анкәбут сүресі, 41-аят). Шейх `Абдур-Рахман әс-Са`ди айтқан: «Басқа төнген тауқыметтен құтылу немесе одан алдын ала сақтану мақсатымен жүзік, тұмар және соған ұқсас нәрселерді тағу — Жалғыз Жаратушы және Басқарушы Аллаһтың тәңірлігіне қатысты ширктің көрінісі болып саналады. Өйткені, Оған жаратуды және істерді басқаруда серік қосылып жатыр. Сонымен бірге бұл құлшылықтағы ширк болып табылады, себебі Аллаһтан өзге нәрсе тәңір ретінде таңдалып жатыр. Сол затты жүрегімен тәңірдей көріп, оған тәуекел ету және оның пайда әкелетініне үміттену ширк болып есептеледі» (“Қаулу-ссадид” 89). Көптеген адамдар, түрлі тұмардардың және с.с. барлық жамандықтардан құтқаратынына сенеді. Ал ақиқатында бұл оларға одан да үлкен зиян әкеледі. `Имран ибн Хусейн айтқан: «Бір күні пайғамбарымыз сары сақинасы бар адамды көреді де одан: «Бұл не?», – деп сұрады. Әлгі адам: «Мен оны әлсіздіктен сақтасын деп киіп жүрмін», – деп жауап берді. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Оны шеш, шын мәнінде, ол сенің әлсіздігінді тек күшейте түсіреді. Егер сен қолыңа осы сақинаны тағып өлетін болсаң, ешқашан бақытқа ие болмайсың!» (Ахмад 4/445, Ибн Мәжәһ 3531). Әй, мұсылмандар! Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздеріне көңіл бөліңдер: «Ол сенің әлсіздігінді тек күшейте түсіреді». Бұл сөздерден, кез-келген ширктің, ол кіші ширк болса да, мұсылман адамның әлсіздігінің себебі болатынын түсінеміз. Егер мардымсыз ұсақ-түйек заттарды тағып алудың өзі мұсылманның әлсіздігінің себебі болса, онда мұсылмандардың қабірге табыну және өліктерден тілеу секілді ширк көріністерін жасаулары жайында не айтуға болады?! _______________________ [1] Осы хадис бауырларда түсінбеушілік туғызуы мүмкін, сол үшін кейбір сөздерге ғалымдар қандай пікір қосқанын айтып өтсек: Дем салу (руқия). Шейх Ибн ‘Усәймин айтты: “Бұл дем салудың барлық түріне қатысты емес. Бұл жерде дем салудың рұқсат етілмеген түрлері жайында айтылып тұр. Ал шариғатта заңдастырылған дем салуға келер болсақ, онда бұл ширк болып табылмайды!» (Қараңыз: “әл-Қаулул-муфид” 1/114). Еліктіру ширк болып табылады. Шейх Мухаммад ибн Суләймән былай деді: “Еліктіру – бұл әйелдің еркекті жақсы көруіне, ал еркектің әйелді жақсы көруіне мәжбүрлейтін сиқырдың түрі» (“Китәбу-ттәухид” 57).
Авторы:
Ahi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту