Ескі архив · 25.04.2011 09:54

Тоқтыбалақ

… Бір себептермен, Райымбек ауданына қарай жол жүруге тура келді. Барарымда да, қайтарымда да такси жалдадым. Ол жаққа ат басын бұрмағалы біраз уақыт өтіп кетіпті. Жолда кетіп бара жатып әр түрлі ой құшағында болдым. Ауылдан ауылға ауысқан сайынғы көзге бірден түсетін айырмашылықтар мен ерекшеліктер мына жерде, табиғатымыздың әсемдігі мен қайсыбір жерлердегі адамзаттың әрекетінің сол әсемдікпен үйлеспеуі… Брррр, осы жерден тоқтайық, айтайын дегенім басқа. Осы сапар барысында Тоқтыбалақ деген құстың болғаны жайлы, оны кезінде атпен қуып жетіп — ұшыруға мұрсат бермей, таяқпен ұрып түсіріп алып тамаққа қолданылғандығын естідім. Етінің, бір тоқытының еті мөлшерінде болатынын және өте дәмді келетіні жайлы әңгіме естіп, кезінде сол құс жүрген-ұшқан, ұя салған ши түптерінде араладым. Құс жоқ… Екі аяқты қасқырлар жойып жіберген. Ата-бабаларымыз тек бала шағасына тамақ ретінде, онда да ол құстың балапан басып болып әбден семірген кезінде ғана ауласа кейін келе еріккендердің ермегі болып ақыр аяғында — жоғалған(үріктіма екен?) екен. Тоқтыбалақ деген ел аузындағы аты болса — онымыз, Дуадақ болып шықты. Орысшасы — Дрофа екен… Бұл құс жайлы мәлімет қазақша тым аз екен инетте, бір орысша нұсқасын аударып жатырмын. Ілермін алла қаласа.
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту