Дем салу. Өзім көрген оқиғалар.
Бала кезімде үйіме бір қызды алып келді. Қыздың түрінен есі дұрыс еместігі көрініп тұр. Айтуларынша Сырдарияның жағасында бірнеше ұл-қыздар болып суға түскен екен. Ішкілік те болғанына сенімдімін. Бір кезде жаңағы қыздың суға шақырып жатыр деп, суға кетіп бара жатқанын байқаған ұлдардың бірі қызды ұстап қалған. Сол күйі қызды біздің үйге алып келді. Атам діни білімі бар, ауыл молдасы еді. Көкем қызды көрді де жігіттердің біріне «еркек тоқты» (қателесуім мүмкін) алып келу керектігін айтты.Біз барып алып келдік. Қызды құрбандыққа қарсы қаратып басын қолмен ұстатты да тоқтыны бауыздады. Қыз қарағысы келмей қарсыласып жатты да, бірден тынышталды. Қызды үйге алып кірді де қайта-қайта дем салды. Сәл уақытта кейін қыз есін жиып, қасындағылары алып кетті.
Осы секілді көптеген кісілер келетін көкеме дем салдыруға.
мына жерде дем салу күнә деген екен.
Сонда менің атамның дем салуы, мойныма құран сүресін жазып тағып беруі күнә ма?
