Ескі архив · 26.04.2011 08:54

Hola amigo!

Испания десе, гитара, аренадағы тореадорлар, және Фламенко елестейді көз алдымызға :) Алматыда фламенко.кз ұйымдастырумен алғаш Фламенко фестивальі болып өтті. Астанадан келген кішкентай қонақтар фламенконы билесе, Барселонада гитарамен фламенконы орындап, жүлде алған музыка мектебінің орындаушылары, өз өнерлерімен тәнті етті. Біз білетін фламенконың өзі бірнеше түрге бөлінеді екен. Испандықтардың қызу қанды, эмоциялық халық екенін биінен аңғаруға болады :) Әсіресе, кештің шырайын келтірген Надежда Мазур. Оның орындауындағы Тореадордың өмірі жайлы биі селт еткізді, тіпті, костюмі де өзгеше, нағыз тореадор сахнаға аренаға атып шыққандай күй кештік. Бәрлығын биі арқылы жеткізе білген өнер иесі, қасымдағы құрбымның қабағын түсіріп жіберіпті :) Бәрі шынайы, әсерлі болды, іштей Фламенко бидің төресі екен, қатысып бір рахатқа бөленуді бізге жазсын деп тарқастық :) Оль'э!!!
Авторы:
monti

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту