Ескі архив · 26.04.2011 14:51

КЗ-дағы Гайд парк :)))

Қала сыртындағы туыстарыма бара жатқанмын. Автобус толған кісі, кешкі 21.00 болса да. Арттағы қатты дауысқа еріксіз қарайды екенсің, қызға өлең оқып келе жатқан ұрттап* алған жігіт :). Сол сәтте қызбен танысқан-ау деп топшаладым. 2 сағаттық жолда, бір тындай сөйледі, М.Мақатаевтың өлеңдерін-ай шіркін :))) артық ауыз сөзі көп демесен керемет екен, лирикаға толы өлеңдер легі :) ПС: мүмкін біздің Алматыға Гайд парк керек/ақ шығар а? қалай ойлайсыз, парктер көп ;) нағыз шешендер қысылған позада автобуста тұрып айтқанша… арнаулы жері, арнаулы аудитория дегендей… жаз айларында, програмка ілініп тұрады, кестеге не жайлы айтатыныңды жазып, уақытың келген кезде сарылдап сөйлей жөнелесің)))
Авторы:
monti

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту