Ескі архив · 27.04.2011 22:52

ҚАЗАҚША "ЧАСТУШКАЛАР"

Неғылған частушка дейтіндеріңізді біле тұра, осылай атадым. Айтыс деуге келмейді,ән деуге де келмейтін тойда айтылатын шумақтар болады ғой. Мен ауылда болған бір тойда үлгергенше жазып алғанмын.Міне мынандай: 1.Өскемен мен Семейді-ай, Жылқы шөбін жемейді-ай, Жанашырың болмаса, Қалың қалай демейді-ай 2.Су ағады сайменен, Шам жанады майменен, Екі жақсы қосылса, Таң атады жайменен. 3.Бір сөз айтсаң жаманға, Кек алады, еркем-ай, Қорғасындай балқыған, Қайран жақсы, еркем-ай және т.с.с 5 куплет. Сіздерден өтініш: ауылдарыңызда айтатын осындай «частушкаларыңызды» жазып, менің коллекциямды көбейтуге көмектессеңіздер екен. Алдын ала рахмет)
Авторы:
VKM

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту