Аралас неке қазаққа қауіпті ме?
Бүгін кішкентай ұлымды емханаға апарып кезекте біраз тұрып қалдық. Біздің алдымызда бір қазақ жігіті (қазаққа жартылай ғана ұқсайтын, тек орысшы сөйлейтін) мен славян текті келіншек балаларымен тұрды.
Балаларының түрі славянға ұқсаған, қазақтық белгі жоқ балақай екен. Оның үстіне орысша сөйлейді.
Уақыт өтсін деп әлгі жігітті әңгімеге тартып, келіншегі туралы сұрадым. Иә келіншегім орыс қызы онда тұрған не бар, менің шешем де орыс деді. Өзі қазақша білмейді. Баласы да солай болайын деп тұр. Былай қарасаңыз баласында тек 25 % ғана қазақ қаны қалып тұр. Ұлт үшін қорқынышты құбылыс!
Егер де жаңағы жігіт әйелімен бірге қазақша майын тамызып сөйлеп, балаларына "құлыншағым!" деп тұрғанда «Бәрекелді!» дер едім. Бірақ керісінше жағдай…
Сурет: alashainasy.kz
