Сериалдың "кесірі"
Ертай досымыздың өткен бір жылдары жазып, сыйға тартқан сериалдар топтамасынан «Code Blue» жапон сериалын толық қараудың сәті тек кеше түсті. Бұл меніңше, қазір көзайымға айналған Доктор Хаустың жапондық нұсқасы деуге болады.Үзіп-жарып қараймын деп неше түрлі жағдайды көрдім, аурудың, емдеу жолдарын неше түрін танығандай болдым… Томография, УЗИ, кардиограмманы есептемегенде, ампутациясы тағы бар.
Айтпағым, сол киноның аурасына қатты кіріп кеткен шығармын, түнде түсімде мына дәрігерлер менің сол аяғымды ампутация жасағалы тұр:( ТҮСІМДЕ,әрине! «Түүүһ» деп шошынып ояндым, бетін әрі қылсын.
Сіздерде сондай әсер бола ма?
