Ескі архив · 29.04.2011 10:07

Титаник және Сиссел Киркьебо

Титаниктің фильміне қатысты бірдеме жазамын деп еш ойламаппын, Сиссел Киркьебо болмағанда. Айтарым көп болса да — жазуға келген кезде аздап миым ашып қалатыны бар, керегін жазбай, бос әңгіме жазып кететін. Әңгіме былай болды. Warren G атты рэпшінің «Prince Igor» деген әшуләсін интернеттен тауып алым тыңдадым, көп болып еді осы әшуләні тыңдамағаныма. Содан, рэптегі қайырманы бір қыз/әйел айтады екен классикалық әуенмен немесе дауыспен. Аты жөні Сиссел Киркьебо. Интернетті қаңғырып жүріп бірнеше әнін тауып тыңдап көрдім, әндері ұнаған соң 4 альбомын қопарып алдым. Қысқасын айтсам — Сисселдің әндеріне де Өзіне де сындымғой))) Бүгін Ютубта Сисселдің клиптерін іздеп отқам, тізімде «Sissel — Titanic voice over» деген клип бар екен. Қарап көрсем — Титаниктегі нәзік әуен осы Сисселге тиесілі екен. Титаниктің сауынтірек клипінде Селин Дион ғана әнді орындағанымен, сол клиптегі және фильмдегі нәзік дауыс кімге тиесілі екеніне еш қызықпаппын, мен миы жоқ бала)) Сонымен — Сисселдің әндерін тыңдап ауырып отырмын :) Осылай отыра берсем жұмыстың бәрі әдірем қалатын түрі бар)) Мынау сілтемесі: www.youtube.com/watch?v=-o21L3_Wgi8&feature=related Sissel — Titanic voice over И(ә).А(йтпақшы): www.sissel.net сайты чиройли екен!!! Басқа әншілердің "іші күйсе — тұз жаласын" деушімеді?)
Авторы:
direct

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту