Ескі архив · 29.04.2011 22:42

Трахтенберг жұмбақ ойыны

Орыс Радиосында Роман Трахтенберг деген жарықтық болатын(топырағы торқа болсын)! Соның бір көпке белгілі ойыны бар еді. Біреуіңіз бір анекдотты бастайсыз. Мен аяқтаймын. Таппасам, басқалары тапқанша тұрады. Жасырылған анекдоттың кемінде 100 әріпі берілсін. Және өзің не біреудің интернетте ойдан шығарған креативтері жазылмауы тиіс. Тек халық аузындағы әнектер. Мен таба алмаған әнекті, басқа біреу тапса, сол Трахтенберг болады. Сүйтіп ойын жалғаса береді. Жасырылған анекдоттың аяғын біреу таппағанша, мен Трахтенберг болып қала беремін. Бастайық)
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту